Месси мансабына қатысты шешімді жақын күндері қабылдайды - инсайдер
Аргентиналық шабуылшы Лионель Месси мансабын қайда жалғастыратыны туралы шешімді жақын күндері қабылдайды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Бұл туралы сенімді инсайдерлердің бірі Фабрицио Романо “Twitter-дегі” парақшасында мәлімдеді.
Инсайдердің жазуынша, Месси қай клубты таңдайтынын мәләм етпесе де, мансабының қай бағытта жалғасатынын айқындағысы келіп отыр.
Бұған дейін Мессиге “Әл-Хилальдан”, “Барселона” мен АПЛ клубтарының бірінен ұсыныс түскен белгілі болған.
Ал Лео Мессидің “ПСЖ-мен” қазіргі келісімшарты 30 маусым күні аяқталады.
Lionel Messi wants to make a decision on his future in the next days. ??? #Messi
— Fabrizio Romano (@FabrizioRomano) May 29, 2023
It does NOT guarantee that Messi will announce his new club in few days — but wants to pick future club ASAP.
No official bid from Barça yet due to FFP.
Al Hilal bid remains the same since April. pic.twitter.com/XqokWfpZ5Z