Бензема Сауд Арабиясынан 200 млн еуролық келісімшартқа ұсыныс алды

Бензема Сауд Арабиясынан 200 млн еуролық келісімшартқа ұсыныс алды
Футбол

"Реал" шабуылшысы Карим Бензема жазғы трансферлік кезеңде мадридтік клуб сапынан кетуі мүмкін, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Relevo хабарлауынша, 35 жастағы футболшы Сауд Арабиясы жоғары дивизионы клубтарының бірінен құны 200 млн еуро болатын келісімшартқа ұсыныс алған. Саудиялық клубтардың бірі франциялық футболшыға жылына 100 млн еуро жалақы алатын екі жылдық келісімшарт ұсыныпты. 

Карим Бензема қазір осы ұсыныс жайынды ойланып жатқан көрінеді, ал оның испаниялық клубпен қазіргі келісімшарты 30 маусым күні аяқталады. 

Ал "Реал" форвардтың келісімшартты кем дегенде тағы бір жылға созатынына сенімді. 

Биыл Карим Бензема 23 матчқа қатысып, 18 гол жәнее 3 нәтижелі паспен көзге түсті.