Люк Тардиф Қазақстанда әлем чемпионатын өткізу туралы айтты

Люк Тардиф Қазақстанда әлем чемпионатын өткізу туралы айтты
Хоккей

Халықаралық шайбалы хоккей федерациясының президенті (IIHF) Люк Тардиф Қазақстанның әлем чемпионатына өткізуге тағы да ұсыныс беретінін айтты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

“Екі мықиы елдің ұсынысы болғандықтан, тартысты бәсеке күткнн едім. Қазақстан Азиядағы алғашқы әлем чемпионатын өткізу үшін міндетті оүрде тағы ұсыныс беруі керек. Бұл - турнирді қалай ұйымдастыру керектігін білетін, әсем ареналары бар, жанкүйерлері бар мемлекет. Мұнда есте қаларлықтай әлем чемпионатын өткізуге барлық мүмкіндік бар. Сондықтан, олар әлем чемпионатын өткізуге тағы да таласады”, - деп ойлаймын деді Люк Тардиф. 

Еске салайық, Қазақстан мен Германия 2027 жылғы элиталық дивизиондағы әлем чемпионатын өткізу мүмкіндігіне таласқан. Бұл бәсекеде Германия 75% дауыспен жеңіске жетті.

Дереккөз: ТАСС