Қазақтың екі мергені әлем Кубогының жеңімпазы атанды

Қазақтың екі мергені әлем Кубогының жеңімпазы атанды
Басқа

Виктор Хасянов пен Мария Дмитриенко Әлем Кубогында топ жарды Отандастарымыз Виктор Хасянов пен Мария Дмитриенко стенд атудан Алматы қаласында өтіп жатқан Әлем Кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Олар трап бағдарламасында аралас жұптар арасында қарсылас шақ келтірген жоқ. Бұл осы бəсекеде ұлттық құрама қоржынына түскен үшінші жүлде. 

Бұған дейін Əсем Орынбай скит жаттығуында топ жарған. Сосын Эдуард Ещенко екеуі жұптық сында күміс жүлдегер атанды. Алматыдағы кезең ертең аяқталады.