Astana Meeting World indoor tour жарысына 100-ге жуық спортшы келді

Б.Төлеуов
Б.Төлеуов
Astana Meeting World indoor tour жарысына 100-ге жуық спортшы келді
Басқа

Ертең, яғни 23 қаңтарда Астанада алғаш рет халықаралық дәрежедегі Astana Meeting World indoor tour жарысы өтеді. Осы турнирдің алдында ұйымдастырушылар мен спортшылар тілшілердің сауалына жауап берді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Алғаш рет елімізде World Athletics indoor tour кезеңдерінің бірін өткізгелі отырмыз. Халықаралық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығы (IAAF) 2016 жылдан бері осындай жабық кешендегі жарысты қолға алған. Биыл бірінші кезең 21 қаңтар АҚШ-тың Айова-Сити қаласында басталды. Кеше мен бүгін Чехия және Люксембургте өтіп жатыр. Енді Ертең Астанада жалғасады. Жарысқа 92 спортшы қатысады. Оның ішісінде 20-сы шет мемлекеттерден келдді, - дейді ҚР жеңіл атлетика федерациясының бас хатшысы Асхат Сейсембек.

Оның айтуынша, сырттан келген спортшылардың арасында АҚШ, Португалия, Бразилия, Хорватия, Словения, Кения, Эфиопия, Ұлыбритания, Куба, Венгрия, Барбадос, Өзбекстанның атлеттері бар. 

Әлем чемпионаттарында жүлде алған Майк Роджерс секілді танымалдары да келді. Бұл дода Қазақстан спортшылары үшін Азия чемпионатының алдындағы дайындық іспеттес болмақ. 10-12 ақпан аралығында Астанада құрлық біріншілігін қабылдаймыз. Х Азия чемпионатында кем дегенде үш алтын алуды жоспарлап отырмыз, - деді бас хатшы.

Баспасөз мәжілісіне Қазақстан спортшыларынан 400 метрге жүгіруден Қазақстан рекордсмені Михаил Литвин, 400 метрге кедергілер арқылы жүгіруден ұлттық құрама мүшесі Аделина Земс (Ахметова) және спринтер Ольга Рыпаковалар қатысты.

Жаңа манежде жарыс жолына шығатынымызға қуаныштымын. Qazaqstan жеңіл атлетика кешені алғаш рет осындай халықаралық бәсекені қабылдағалы отыр. Біз алдағы жарыстарға дайындығымызды пысықтап аламыз. Шамамыз келгенше, жоғары нәтиже көрсетуге тырысамыз, - дейді Михаил Литвин.

Спортшылар жеңіл атлетиканың 10 сайыс түрінен сынға түседі. Әрбір бағдараманың жүлде қоры 4 мың долларды құрайды. 

Жарыс бағдарламасы:

ЕРЛЕР

-60 м жүгіру;

- кедергілермен 60 м жүгіру;

- 800 м жүгіру;

- 400 м жүгіру;

- 3 000 м жүгіру.

ӘЙЕЛДЕР

- 60 м жүгіру;

- 400 м жүгіру;

- 1500 м жүгіру;

- ұзындыққа секіру;

- биіктікке секіру.