Құламбаева Чилидегі WTA 125 турнирінде топ жарды

Құламбаева Чилидегі WTA 125 турнирінде топ жарды
Теннис

ҚТФ

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Чилиде өткен WTA 125 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Bassport.kz Sport+ сайтына сілтеме жасап. 

Отандасымыз словениялық Вероника Эрьявецпен бірге жұптық сында топ жарды. Финалдық кездесуде Құламбаева мен Эрьявец турнирдің бірінші нөмірлі жұбы — украиналық Валерия Страхова мен ресейлік Анастасия Тихонованы екі сетте 6:4, 6:3 есебімен жеңіп, чемпиондық атақты иеленді.