U17 жас санатында екі қазақстандық балуан әлем чемпионы атанды
Жекпе-жек
UWW
Бүгін, 27 шілдеде, Әзербайжанның Баку қаласында күрес түрлерінен U17 жас санатында әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме
жасап.
Алғаш болып бозкілемге грек-рим күресінің балуандары шықты. 48 келіге дейінгі салмақта Әли Алмас ширек финалда қырғызстандық Абдышукур Дурусалиевті жеңді. Енді отандасымыз 1/2 финалда армениялық Арарат Аветисянмен белдеседі. Сондай-ақ Дияр Аманәлі 55 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында Георгий Кеделидзені жеңді. Осылайша жартылай финалда болгариялық Данимир Йордановпен күш сынасады.
Айта кетейік, жартылай финалдық бәсекелер бүгін өтеді.