Павлодардың танымал футболшысы карьерасын аяқтады

Павлодардың танымал футболшысы карьерасын аяқтады
Футбол

Павлодар облысының «Ақсу» клубының қорғаушысы Руслан Есімов карьерасын аяқтауға шешім қабылдады, деп хабарлайды Bassport.kz.

33 жастағы футболшы «Ақсуға» былтыр жазда қосылған. Бұл команда сапында 20 матч өткізіп, 1 гол соққан. Енді ол «Екібастұз» клубының бапкерлер штабында жұмыс істемек. Аталмыш команда «Ақсудың» құрамына кіреді.

Есімов – Екібастұз футбол мектебінің түлегі. Ұзақ жыл Павлодардың «Ертіс» клубында өнер көрсетті. Сонымен қатар Ақтаудың «Каспий», Петропавлдың «Қызылжар» командаларында ойнаған.

2019 жылы ұлттық құрамаға шақырылған.