Монако Гран-приінің трансляция кестесі жарияланды

Монако Гран-приінің трансляция кестесі жарияланды

26-28 мамыр аралығында Монаконың қалалық трассасында Формула-1 аясында Монако Гран-приі өтеді, деп хабарлайды BasSport.kz.

Жарысты Sky Sports телеарнасынан көрсетіледі. Сонымен қатар трансляцияны F1 TV сервисі арқылы тамашалауға болады. Шығыс Еуропа, Балтық елдері мен Орталық Азия елдерінің тұрғындары аламанды Setanta Sports-тан көре алады.

Монакодағы жарыс кестесінің уақыты (Астана уақытымен):

Жұма, 26 мамыр

17:30-18:30. Формула-1 Монако Гран-приінің алғашқы жаттығуы

21:00-22:00. Формула-1 Монако Гран-приінің екінші жаттығуы

Сенбі, 27 мамыр

16:30-17:30. Формула-1 Монако Гран-приінің үшінші жаттығуы

20:00 Формула-1 Монако Гран-приінің іріктеуі

Жексенбі, 28 мамыр

19:00. Монако Гран-приі, Формула-1 жарысы