Эдди Паскуаленің “Барыста” алатын жалақы мөлшері белгілі болды

Эдди Паскуаленің “Барыста” алатын жалақы мөлшері белгілі болды
Хоккей

32 жастағы канадалық қақпасыш Эдди Паскуале астаналық “Барыспен” екі жылдық келісімшарт жасасады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Metaratings.ru сайты голкипер “Барыста” екі жыл ішінде 120 млн рубль, яғни 669 млн теңге табыс табатынын хабарлады. 

Айта кетейік, Эдди Паскуале 2019-2020 жылдар маусымында “Барыс” құрамында өнер көрсетті. Ал 2020-2022 жылдар аралығында ярославілік “Локомотив” намысын қорғаса, өткен маусымда магнитогорскілік “Металлург” сапында ойнады.