Астанада парапауэрлифтингтен VI жазғы параойындары өтті

Астанада парапауэрлифтингтен VI жазғы параойындары өтті

Астанада парапауэрлифтингтен VI жазғы пара ойындары өтті. Оған Қазақстанның 19 облысынан 120-дан астам спортшы қатысты, деп хабарлайды BasSport.kz.

Жарыс қорытындысына сай, командалық есепте Алматы – 3-ші, Қызылорда облысы – 2-ші және Жетісу облысы 1-орынға ие болды.

Ауқымды додада Қазақстан Республикасының 9 рекорды орнатылды.

Әйелдер арасында:

Тұрсынай Қабыл, 41 келіге дейінгі салмақ дәрежесі, өз салмағы 38 келі, көтергені – 86 келі және 88 келі; Алина Солодухина, салмақ дәрежесі – 45 кг, дене салмағы 45 кг, көтергені – 95 кг; Гүлім Құрманбаева, салмақ дәрежесі – 50 кг, дене салмағы – 46,9 кг, көтергені – 95кг; Қабира Асқарова, салмақ дәрежесі – 61 кг, өз салмағы 57 кг, көтергені – 83 кг.

Ерлер:

Станислав Шакиев, 65 кг дәрежесінде үш әрекетте 150 кг, 157 кг, 160 кг нәтижені бағындырып, рекорд жаңартты. Ғани Есентеміров 107+ келі дәрежесінде 202 келі көтеріп, рекорд жаңартты.

Сондай-ақ ойындарда Токио-2020 Паралимпиада чемпионы Давид Дегтярев пен Рио-2016 Паралимпиадасының күміс жүлдегері Раушан Қойшыбаева қатысып, жеңіс тұғырынан көрінді.