Шавкат Рахмоновтың қарындасы UFC-мен келісімшартқа отыруға әзір екендігін жеткізді
Жекпе-жек
Жеңіліп көрмеген қазақ файтері Шавкат Рахмоновтың қарындасы Сора Рахмонова UFC-мен келісімшартқа отыруға дайын екенін жеткізді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
“UFC-мен келісімге келуге дайынмын. Бастысы - өзіңе сену. Карыгинамен жекпе-жекте 200%-ға дайын болуып керек. Шавкат Рахмоновтың қарындасы болғанымнан, белгілі бір дәрежеде қысым да бар. Физикалық тұрғыдан дайынмын, бастысы өзімді психологиялық қырымнан дайындау”, - деді спортшы Naiza TV берген сұхбатында.
Айта кетейік, Сора Рахмонова 26 мамыр күні Naiza 51 турнирі аясында ресейлік Валерия Карыгинамен жекпе-жек өткізеді.