Канадалық хоккейшіге әлем чемпионатының соңына дейін дисквалификация берілді

Канадалық хоккейшіге әлем чемпионатының соңына дейін дисквалификация берілді
Хоккей

Әлем чемпионатының тәртіптік комиссиясы канадалық шабуылшы Джо Веленоны турнирдің бес ойынынан шеттетті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Оған себеп Джо Веленоның Швейцариямен (2:3) ойында қарсыласын конькиімен соғуы болған. Бұл жағдай екінші кезеңнің ортасында орын алды. 23 жастағы форвард әлем чемпионатының қалған матчтарына қатыспайды, тіпті Канада құрамасы финалға өтсе де. 

Джо Велено бес ойында 5 (2+3) ұпай еншілей алған. Канада “В” турнирлік кестесінде 12 ұпаймен үшінші орында келе жатыр.