Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасының үздік ойыншылары аталды

Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасының үздік ойыншылары аталды
Хоккей

Әлем чемпионатының ұйымдастыру алқасы Қазақстан ұлттық құрамасы сапынан турнирде үздік өнер көрсеткен үш ойыншыны атады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Үздік қақпашы - Андрей Шутов

Үздік қорғаушы - Әділ Бекетаев

Үздік шабуылшы - Роман Старченко

Еске салайық, Қазақстан ұлттық құрамасы биылғы чемпионаттағы соңғы ойынын Словенияға қарсы өткізіп, 4:3 есебімен жеңіске жетті.