Евгений Рымарев Словениямен матчтың үздік ойыншысы атанды
Хоккей
Шабуылшы Евгений Рымарев Қазақстан ұлттық құрамасы сапынан Словенияға қарсы матчтың үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Әлем чемпионаты топтық кезеңінің жетінші қорытынды ойынынжа 34-жастағы форвард мұзда орта есеппен 18 минут 10 секунд өткізіп, бір пас және бір нәтижелі соққымен көзге түсті.
Айта кетейік, Ғалым Мамбетәлиев шәкірттері бұл ойында 4:3 есебімен жеңіске жеткен болатын.