Ига Швентектің ширек финал матчын жалғастырудан неліктен бас тартқаны белгілі болды

Ига Швентектің ширек финал матчын жалғастырудан неліктен бас тартқаны белгілі болды
Теннис

Ига Швентектің күтпеген жерден Римдегі “мыңдық” жарысты аяқтауының себебі белгілі болды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Әлемнің бірінші ракеткасы екінші партиядағы тай-брейк аяқталғаннан кейін медициналық тайм-аут алып, кортқа аяғын таңып оралды. 

Ал үшінші сетте есеп 2:2 болып тұрған сәтте аяғынан алған жарақатына байланысты ойынды жалғастырудан бас тартты. 

Осылайша, Елена Рыбакина техникалық жеңіске қол жеткізіп, Римдегі жарыстың жартылай финалына шықты.