Бейнешолу: Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасын маусымда үшінші рет қалай жеңді

Бейнешолу: Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасын маусымда үшінші рет қалай жеңді
Теннис

Әлемнің алтыншы ракеткасы Елена Рыбакина Римдегі WTA 1000 жарысының ширек финалында польшалық Ига Швентекті жеңіп, финал жолдамасын сарапқа салуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Отандасымыз мансабында тұңғыш рет Римдегі “мыңдық” жарыстың жартылай финалында бақ сынайды. 

Айта кетейік, осы маусымда Елена Рыбакина мен Ига Швентек өзара үш рет кездесіп, оның үшеуінде де қазақ теннисшісі жеңіске жетті.