Елена Рыбакина Римдегі жарыстың жартылай финалына шықты
Теннис
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Римдегі WTA 1000 жарысының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Ширек финалда әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентекпен кездескен отандасымыз техникалық жеңіске қол жеткізді. Өйткені, польшалық теннисші үшінші сет барысында есеп 2:2 болып тұрған сәтте жарақатына байланысты ойынды жалғастырудан бас тартты.
Оған дейін бірінші сетте Ига Швентек 6:2 есебімен жеңсе, екінші сетте Елена Рыбакина тай-брейкте 7:6 (7:3) есебімен қарсыласынан мықтырақ болған.
Отандасымыз финалға шығу үшін латвиялық Елена Остапенкомен сынға түседі.