Әділ Бекетаев Канадаға қарсы матчтың үздік ойыншысы атанды

Әділ Бекетаев Канадаға қарсы матчтың үздік ойыншысы атанды
Хоккей

Қазақстан ұлттық құрамасынвң қорғаушысы Әділ Бекетаев Канадаға қарсы матчтың үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Ғалым Мамбетәлиев шәкірттері Канададан 1:5 есебімен жеңілген. Ал құрама командамыздың ойындағы жалғыз голын осы Әділ Бекетаев соқты. 

Әлем чемпионаты топтық кезеңінің төртінші ойынында 25 жастағы қорғаушы орта есеппен мұзда 14 минут 30 секунд ойнап, қарсылас қақпасына 3 соққы жасады.