ӘЧ: Ғалым Мамбетәлиев шәкірттері Канадаға қарсы ойнайды

ӘЧ: Ғалым Мамбетәлиев шәкірттері Канадаға қарсы ойнайды
Хоккей

Шайбалы хоккейден әлем чемпионатының алтыншы ойын күнінде Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі төртінші матчын өткізеді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Бүгін Қазақстан құрама командасы азулы Канадаға қарсы ойнайды. Кеше, 16 мамыр күні Қазақстан Швейцарияға гол соға алмай, ұтылған - 0:5. Ал Канада болса, соңғы ойынын Словакияға қарсы өткізіп, буллиттер соққысында 2:1 есебімен жеңіске жеткен.

Матч Астана уақытымен 23:20-да басталады. Оның тікелей эфирін BasSport.kz сайтынан және Android қолданбасындағы мобильдік қосымшасын жүктеп алу арқылы көруге болады.