Елена Рыбакинаның Римдегі жарыстың ширек финалындағы қарсыласы белгілі болды
Теннис
Әлемнің алтыншы ракеткасы Елена Рыбакинаның Римде өтіп жатқан WTA 1000 бәсекесі ширек финалындағы қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Отандасымыз жартылай финал жолдмасын әлемнің бірінші ракеткасы, “Үлкен дулыға” турнирлерінің төрт дүркін чемпионы польшалық Ига Швентекпен сарапқа салады.
Екі теннисші бұған дейін бір-бірінн қарсы үш рет ойнаған. Оның екеуінде Елена Рыбакина жеңіске жетсе, бір рет Ига Швентек жеңімпаз атанды. Бұл үш матч та хард төсенішінде өткенін айта кетейік.