Елена Рыбакина Римдегі жарыстың қиын тұстары туралы айтты
Теннис
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина мансабында тұңғыш рет Римдегі WTA 1000 жарысының ширек финалына шықты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Турнирдің 1/8 финалында отандасымыз чехиялық Маркета Вондроушованы 6:3, 6:3 есебәмен жеңген болатын.
“Жарысқа келгенде, көп нәрсеге үміт етпедім. Өйткені, аллергиямның кесірінен маған Римде болу қиынырақ соғады. Жеңіске жете алып жатқаныма қуаныштымын. Ойлағаным жүзеге аспаған сәттер болғанымен, жақсы матч болды. Допты ойынға жақсы қостым. Әрине, Франция ашық чемпионатында өзімді сенімді сезінуім үшін көбірек матч өткізуім керек”, - деді Елена Рыбакина матчтан кейінгі баспасөз конференциясында.
Отандасымыз жартылай финал жолдамасын Ига Швентек - Донна Векия матчы жеңімпазымен сарапқа салады.