Әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай сыйақысын қайда жұмсайтынын айтты

Әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай сыйақысын қайда жұмсайтынын айтты
Бокс

Әлем чемпионы атанған 19 жастағы Санжар Тәшкенбай сыйақысын қайда жұмсайтынын айтты, деп хабарлайды BasSport.kz.

Су жаңа әлем чемпионы бұл жеңісін ата-анасына, бауырларына және қазақ еліне арнады. Одан қалды Санжар енді салмақ ауыстырып, Олимпиада ойындарына қатысуды мақсат тұтатынын алға тартты. Бірақ дәл қазір демалып, сосын Азия ойындарына дайындыққа кіріседі.

Ендігі жоспар – дұрыстап дем алып, емделіп, алдағы жарыс додаларына дайындалу. Қытайда Азия ойындары күтіп тұр. Соған дайындық басталады. Жүлде қорын ата-анама табыстаймын, – деді чемпион.

Әлем чемпионы атанған боксшыларға Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) 200 мың доллар беретіні, ал Қазақстан бокс федерациясының президенті 100 мың доллар сыйлап, одан қалды мемлекет тарапынан 15 мың доллар сыйақы табысталатыны хабарланған.