Қазақстандық жасөспірімдер “Дэвис Кубогы” іріктеуінің қола жүлдегері атанды

Қазақстандық жасөспірімдер “Дэвис Кубогы” іріктеуінің қола жүлдегері атанды
Теннис

Теннистен жасөспірімдер арасындағы “Дэвис Кубогының” іріктеу сайыстары аяқталып, Қазақстан ұлттық құрамасы қола жүлде алды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Сергей Квак бастаған жас теннисшілеріміз қола жүлде үшін таласта Таиланд құрамасына қарсы ойнап, 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Бұған дейін ұлттық құрама уақытынан бұрын 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алған. Шымкентте өткен Азия-Тынық мұхиты аймағы елдері арасындағы іріктеуде ел намысын Заңғар Нұрланұлы, Әмір Омарханов пен Дамир Жалғасбай қорғады. 

Ал “Дэвис Кубогы” финалына Қазақстаннан өзге, Жапония, Оңтүстік Корея және Таиланд құрамалары жеңіп алды.