Ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы Азия чемпионы атанды

Ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы Азия чемпионы атанды

Қазақстандық ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы Оңтүстік Кореяның Чинджу қаласында өтіп жатқан Азия біріншілігінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Қазақстандық ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы барлық алты мүмкіндігін сәтті пайдаланып, тамаша өнер көрсетті. 102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен ауыр атлет қоссайыс қорытындысы бойынша 400 келіні бағындырды.

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы үшін бұл – турнирдегі алғашқы алтын.

Азия чемпионаты 13 мамырда аяқталады.