Еуропалық клубпен келісімшарт жасасқан Диас Гусейнов мәлімдеме жасады

Еуропалық клубпен келісімшарт жасасқан Диас Гусейнов мәлімдеме жасады
Хоккей

Осыдан бірнеше күн бұрын финляндиялық “РоКи” клубымен келісімшарт жасасқан Диас Гусейнов BasSport.kz сайтына еуропалық командадан түскен ұсыныс жайында айтып берді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

“Ұсыныс бір апта бұрын түсті. Агентім қызығушылық танытып отырған командалар бар екенін айтты. Негізі, шетелдік командалардан ұсыныс бұрыннан бар, бұған дейін де қандай жарақатым бар екенін сұрап білген. Команданы жастардан жасақтап жатқандарын айтты. Көп ойланған жоқпын, бір күн ғана. Финляндияға кететін ойым бар екенін ата-анама айттым және олар қолдады. Финляндияға тамыз айында кетемін, оқу-жаттығу жиындары сол кезде басталады”, - деді Диас Гусейнов. 

Айта кетейік, Диас Гусейнов финляндиялық клубпен бір жылға келісімшарт жасасты. Бұған дейін дәл осы клубта Батырлан Мұратов өнер көрсеткен еді.