Шахтинскте имамдар қазақ күресінен сынға түсті
Күрес
Шахтинскте Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен қазақ күресінен имамдар арасында турнир өтті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Аймақтың 30-дан астам имамы чемпиондық белбеу үшін таласқан. Сайысқа тек Қазақстан діни басқармасы бөлімдерінің қызметкерлері қатысуға мүмкіндік алды. Балуандар 70 келіге дейінгі және 90 келіден жоғары салмақ дәрежелерінде белдесті.
37 балуан жұп-жұпқа бөлініп, сынға түсіп, жеңімпаздар бір-бірімен кездесті. Сөйтіп, үздік төрттік анықталды. Финалға жолдама алған имамдар арасынан Ақтоғай ауданынан Асыл Рысбай, Қарқаралы ауданы Жаңатоған ауылынан Қанат Мұхаммад пен Шахтинсктен Әсет Ибраев тұғыр биігіне көтерілді.