Канаданың әлем чемпионатындағы капитаны сайланды

Канаданың әлем чемпионатындағы капитаны сайланды
Хоккей

Шайбалы хоккейден Канада ұлттық құрамасының әлем чемпионатындағы капитаны мен оның ассистенттері сайланды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

12-28 мамыр аралығынба өтетін әлем біріншілігінде “Калгари Флэймз” шабуылшысы Тайлер Тоффоли Канаданың капитаны болады. Ал Лоусон Крауз (“Аризона Койотс”), Скотт Лоутон (Филадельфия Флайерз”), Милан Лучич (“Калгари Флэймз”) бен Маккензи Уигар (“Калгари Флэймз”) капитан ассистенттері атанды. 

Еске салайық, Канада ұлттық құрамасы әлем чемпионатында Қазақстан, Словения, Словакия, Чехия, Швейцария, Латвия және Норвегия құрамаларымен бір топта өнер көрсетеді.