“Барыстың” жас таланты мансабын Еуропада жалғастырады
Хоккей
Шабуылшы Диас Гусейнов финляндиялық “РоКи” клубымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Клубпен жасалған келісім бір жылға есептелген. Өткен маусымда Сәтпаев хоккей мектебінің тәрбиеленушісі “Барыс” құрамында 15 матч өткізіп, нәтижеге көрсете алған жоқ. “Номадпен” 12 ойынға қатысып, 3 (0+3) ұпай олжалады.
Ал оның алдындағы маусымда Қазақстан чемпионатының 54 ойынында 48 (18+30) ұпай еншілеген еді.
Айта кетейік, “РоКи” құрамында бұған дейін Батырлан Мұратов өнер көрсеткен еді.