Рыбакинаның Италиядағы Мастерс жарысындағы бірінші қарсыласы анықталды
Теннис
Кеше, 8 мамыр күні Италия астанасы Римде WTA 1000 санатындағы жарыс басталды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Әлемнің алтыншы, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жарыста екінші айналымнан бастап, Ван Синьюй (Қытай) - Жасмин Паолини (Италия) матчы жеңімпазымен кездеседі.
Римдегі беделді жарыстың жүлде қоры - 2 527 250 доллар.