Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің алтыншы ракеткасы атанды

Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің алтыншы ракеткасы атанды
Қысқы спорт

Мадридтегі (Испания) Мастерс жарысы аяқталғаннан кейін, WTA әлемдік рейтингті жаңартты, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Жаңартылған рейтингте отандасымыз Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің алтыншы ракеткасы атанды. Бұл - оның спорттық мансабындағы тарихи нәтиже.

Айта кетейік, Елена Рыбакина тунистік Онс Жабердің жарақаты себебімен Мадридтегі бәсекеге қатыса алмауының нәтижесінде әлемдік рейтингте алтыншы орынға көтерілді.