“Челси” әлем чемпионына қызығушылық танытып отыр

“Челси” әлем чемпионына қызығушылық танытып отыр
Футбол

Лондондық “Челси” миландық “Интер” шабуылшысы Лаутаро Мартинеске қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Football Insider жазуынша, ағылшындық клуб форвардпен осы жазда келісімшарт жасасуға әзір көрінеді. Ал трансфер құны 75 млн еуро болуы мүмкін. 

Футболшыға “Челсидің” бас бапкері атанып қалув мүмкін Маурисио Почеттино қызығушылық танытып отырған көрінеді. 

Айта кетейік, биылғы маусымда Лаутаро Мартинеске 47 кездесуде 21 гол соғып, 7 пас берген. Оның “Интермен” жасасқан келісімшарты 2026 жылдың соңына дейін шақталған. Transfermarkt бойынша, форвардтың трансферлік құны - 80 млн еуро.