Бублик Франциядағы жарыстың жартылай финалына шыға алмады

Бублик Франциядағы жарыстың жартылай финалына шыға алмады
Теннис

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Францияның Экс-ан-Прованс қаласында өтіп жатқан “Челленджер” турнирінің жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

Бір сағаттан сәл ұзағырақ созылған ширек финал матчында отандасымыз франциялық Гарольд Майодан 3:6, 1:6 есебімен жеңіліп қалды.

Айта кетейік, франциялық теннисші финал жолдамасын ағылшындық Энди Марреймен сарапқа салады.