Ауыр атлетика: Арли Чонтей Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Ауыр атлетика: Арли Чонтей Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Оңтүстік Кореяның Чинджу қаласында ауыр атлетикадан басталған құрлықтық біріншілікте қазақстандық Арли Чонтей қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BasSport.kz.

55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық ауыр атлет Қытайдың екі өкілін алға жіберіп, үшінші орынға табан тіреді. Серпе көтеруде Арли 117 кг салмақты басынан асырып, теңдессіз атанса, жұлқ көтеруде 141 кг-мен 4-орынға ие болды.

Осылайша ол қоссайыс қорытындысы бойынша 258 кг салмақты еңсерді.

Арли Чонтей былтыр күзде Бахрейн астанасы Манамада өткен Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды (116+144=260 кг). Ал 2020 жылы Ташкентте чемпион атанды.