ФИФА президенті Қазақстан қақпасына үш гол соқты

ФИФА президенті Қазақстан қақпасына үш гол соқты
Футбол

Қазақстан футбол федерациясы мен Халықаралық футбол федерациялары қауымдастығы жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

Жолдастық матч 4:4 есебімен тең аяқталды. ФИФА сапынан Джанни Инфантино хет-трик жасаса, ҚФФ құрамынан Әділет Барменқұлов, Магомед Адиев, Ғани Қайназаров, Рафаэль Гарибян гол соқты.

Жолдастық кездесу Джанни Инфантиноның Қазақстанға ресми жұмыс сапары барысында өткенін айта кетейік.