Айбек Оралбай Болгар боксшысын үйіне қайтарды

Айбек Оралбай Болгар боксшысын үйіне қайтарды
Бокс

Бокстан Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақ боксшысы Айбек Оралбай алғашқы қарсыласын жеңді, деп хабарлайды Bassport.kz. 

 Ол 92 келіге дейінгі салмақта Болгария боксшысы Радослав Панталеевпен қолғап түйістірді. Азия чемпионы Оралбай қарсыласын еш қиындықсыз жеңді. 

Бұған дейін 60 келідегі Талғат Сырымбетов алғашқы кездесуін сәтті өткізген.

Айта кетейік, әлем чемпионаты 1-14 мамыр аралығында өтеді. Ұйымдастырушылар біріншілікке 104 елден 600 аса былғары қолғап шебері қатысып жатқанын мәлім етті. Аталған чемпионатта жеңімпаз атанған спортшыға ІВА 200 мың доллар көлемінде ақшалай сыйақыны табыстайды. Ал ҚР бокс федерациясының президенті чемпион атанған атлетке өз қаржысынан 100 мың доллар бермекші.