Мадридтегі “Мастерс”: 15 жастағы теннисші үшінші айналымға шықты

Мадридтегі “Мастерс”: 15 жастағы теннисші үшінші айналымға шықты
Теннис

Мадридте өтіп жатқан “Мастерс”

жарысында ресейлік 15 жастағы теннисші үшінші айналымға жолдама алды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Мирра Андреева екінші кезеңде әлемнің 14-ракеткасы Беатрис-Хаддад Майямен кездесіп, бразилиялық теннисшіні 7:6 (8:6), 6:3 есебімен жеңді.

15 жастағы жас жұлдыз 1/8 финалға шығу үшін польшалық Магда Линеттпен шеберлік байқасады.