15 жастағы теннисші WTA санатындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

15 жастағы теннисші WTA санатындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді
Теннис

Ресейлік жас теннисші Мирра Андреева WTA санаты турниріндегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Мадридтегі Мастерс жарысының бірінші айналымында ол 20 жастағы канадалық Лейла Фернандесті екі сетте 6:3, 6:4 есебімен жеңді. 

Мирра Андреева екінші кезеңде бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен сынға түседі. 

15 жастағы теннисші WTA рейтингінде 194-орында тұр.