"Қағаз, қайшы, тас". Балалар Бубликтің футболкасына таласты

Теннис

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Мадридтегі Мастерс жарысына жанкүйер болуға келіп, теннисшінің футболкасын сұраған балаларға "қағаз, қайшы, тас" ойынын ойнатып, жеңмпазға жейдесін сыйға берді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Отандасымыз жарыстың бірінші кезеңінде колумбиялық Даниэль Галанды 7:6 (17:15), 6:7 (4:7), 6:4 есебімен жеңген болатын. 

Бубликтің екінші айналымдағы қарсыласы - әлемнің жетінші ракеткасы Хольгер Руне.