Надаль Римдегі «Мастерсте» өнер көрсетпек

Надаль Римдегі «Мастерсте» өнер көрсетпек
Теннис

Бүкіл әлем бойынша миллиондаған жанкүйер испан теннисшісі Рафаэль Надальдің кортқа оралуын асыға күтіп отыр, деп хабарлайды bassport.kz.

Надаль «Ролан Гаррос-2023-ке» дайындық аясында Римдегі (Италия) ATP 1000 турнирінде өнер көрсетпек. Аламан топырақ төсеніште өтеді.

«Үлкен Дулыға» турнирінің 22 дүркін жеңімпазы биылғы маусымда Австралия ашық чемпионатынан басқа жарыстарға қатысқан жоқ. Оған Рафаның жамбас жарақаты себеп.

Енді араға үш салып «топырақ төсеніш королі» Римдегі аламанда кортқа шығады. Қазір ол тыңғылықты жаттығу жасап жатыр.