УЕФА жалақы шегін бекітпек, мұны клуб басшылары қолдап отыр
Футбол
УЕФА президенті Александр Чеферин Еуропадағы жалақы шегін енгізу жоспарлары туралы айтты.
Бір қызығы, бәрі келісті. Үлкен және кіші клубтар, мемлекеттік командалар, миллиардерлерге тиесілі клубтар да келісіп отыр. Жалақы шегі туралы жақсылап ойлануымыз керек. Егер бюджет аспандап кетсе, онда бәсекелестіктегі тепе-теңдік үлкен мәселеге айналады. Бұл жерде клуб иелері туралы айтып тұрған жоқпын, жарыс құндылықтарын меңзеп отырмын, себебі айналдырған бес клуб қана жеңіске жете берсе, онда мұның бәрі мәнсіз болып кетеді, - деді ол.
Чеферин бұл жерде ұжымдық келісім керек екенін алға тартты.
Қазіргі уақытта біз 2024 жылдан кейін күшіне енетін жаңа ережені қабылдадық. Соған сәйкес табыстың 70% жалақы мен трансферттерді төлеуге жұмсауға болады. Бірақ бұл шара жеткіліксіз, өйткені кіріс 5 миллиард болса, оның 70% өте көп, - деді Чеферин mEN In Blazers-ке берген сұхбатында.