Қазақ хоккейшісі Харламов Кубогының иегері атанды

Қазақ хоккейшісі Харламов Кубогының иегері атанды
Хоккей

Жастар хоккей лигасы финалының бесінші матчында “Чайка” омбылық “Омские ястркбы” командасын жеңіп, Харламов Кубогының иегері атанды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

Нижний Новгород қаласы командасы сапында Қазақстан жастар құрамасының қорғаушысы Дмитрий Бреус өнер көрсетіп, отандасымыз ЖХЛ чемпионы атанды. 

Қорғаушы өткен жылы “Барыс” жүйесінен “Чайкаға” ауысып барып, биылғы маусымда жалпы 56 (17 - плей-офф) ойынға қатысып, 10 (1+9) ұпай еншілеген.