Көлік қағып кеткен футболшы тіл тартпастан кетті
Футбол
Алматыда 16 жастағы футболшы Мадияр Нұрахметовты көлік қағып, спортшы тіл тартпастан кетті, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Meta-ratings.kz жазуынша, футболшы көлік жүргізушілеріне ауызашар кезінде су мен құрма таратып жүрген. Мадияр жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтіп жатқанда, автобус жолағымен жүріп келе жатқан жеңіл көлік оны қағып кеткен.
Осы оқиға Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-тармағы бойыншы тіркеліп, қажетті сараптамалар жүргізу бекітілген.