“Интер” 13 жылда алғаш рет жартылай финалға шықты

“Интер” 13 жылда алғаш рет жартылай финалға шықты
Футбол

"Интер" Чемпиондар лигасы ширек финалының қарымта кездесуінде "Бенфикамен" тең түсіп, келесі кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Осылайша, миландық клуб 13 жылда тұңғыш рет турнирдің жартылай финалына шықты. 

Соңғы рет команда жартылай финалда 2009-2010 жылдар маусымында өнер көрсетіп, сол жылы Жозе Моуринью шәкірттері Чемпиондар лигасында чемпион атанған. 

Айта кетейік, финалға шығу үшін "Интер" тағы бір итальяндық клуб "Миланмен" сынға түседі.