Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы рекордтық көрсеткішке қол жеткізді
Теннис
Екінші мәрте Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне жолдама алған Қазақстан әйелдер құрамасы рекордтық көрсеткішке қол жеткізді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Әлем құрамаларының жаңартылған рейтингінде Елена Рыбакина бастаған командамыз оныншы орыннан жетінші сатыға көтерілді. Бұл - ел теннисі тарихындағы рекорд.
Ұлттық құрамамыз Италия, АҚШ, Германия, Румыния, Бельгия, Ұлыбритания сынды елдерден озып кетті.
Еске салайық, командалық әлем біріншілігінің іріктеу сынында отандастарымыз Польшаны 3:1 есебімен жеңген.