Өзбекстандық жанкүйер Елена Рыбакинаға ерекше сый жасады

Өзбекстандық жанкүйер Елена Рыбакинаға ерекше сый жасады
Теннис

Қазақстанның бірінші, әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина өзбекстандық жанкүйерінен ерекше сыйлық алды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Өзбекстандық суретші Анвар Акрамов Билли Джин Кинг Кубогынан кейін өткен баспасөз конференциясында қазақ теннисшісі Елена Рыбакинаға картина сыйлады.

Картинада Елена Рыбакинаның 2022 жылғы Уимблдон турнирін жеңіп алғаннан кейін “Үлкен дулыға” кезеңдерінің 22 дүркін жеңімпазы Новак Джоковичпен түскен суреті бейнеленген.