Андрей Скабелка ұлттық құраманы әлем чемпионатына бастап бара алмауы мүмкін

Андрей Скабелка ұлттық құраманы әлем чемпионатына бастап бара алмауы мүмкін
Хоккей

Андрей Скабелка Қазақстан ұлттық құрамасын Рига (Латвия) мен Тампере (Финляндияда) өтетін әлем чемпионатына бастап бара алмауы мүмкін, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі Shaiba.kz сайтына сілтеме жасап. 

Өйткені, Андрей Скабелка және оның көмекшілері (Игорь Матушкин, Влдаимир Копать пен Кирилл Легчаков) Беларусь мемлекетінің азаматтары. Әлемдегі геосаяси жағдайға байланысты салынған санкциялар себебінен Латвия аймағына кіре алмайды. Өткен жылдың қыркүйегінде Латвия Сеймі Ресей мен Беларусь азаматтарының ел аймағына кіруіне тыйым салған болатын.