“Барыс” шабуылшысы қатарынан үшінші рет Қазақстан чемпионы атанды

Хоккей
“Барыс” шабуылшысы Михаил Рахманов қатарынан үшінші рет Қазақстан чемпионы атанды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Форвард плей-офф кезеңінде “Номад” сапында өнер көрсетіп, командамен бірге ел чемпионы атанды. Бұған дейін ол екі жыл қатарынан қарағандылық “Сарыарқамен” бірге Pro Hokei Ligasy кубогы иеленген болатын.
Айта кетейік, астаналық клуб финалда “Хумоны” серияда 4:1 есебімен жеңіп, ел чемпионы атанды.