Дмитрий Попко АҚШ-тағы жарыстың негізгі кезеңіне шықты

Дмитрий Попко АҚШ-тағы жарыстың негізгі кезеңіне шықты
Теннис

Қазақ теннисшісі Дмитрий Попко Сарасотада (АҚШ) өтіп жатқан турнирдің негізгі кезеңіне шықты, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Іріктеу сынының финалында отандасымыз америкалыш Закари Свайданы 6:0, 6:3 есебімен жеңді.

Ал Попконың негізгі кезеңдегі алғашқы қарсыласы аустралиялық Александр Вукич болмақ.

Сарасотадағы “Челленджер” турнирінің жүлде қоры - 160 000 доллар.