Ақтаудың “Каспий” клубына жаңа директор тағайындалды

Ақтаудың “Каспий” клубына жаңа директор тағайындалды
Футбол

Ақтаудың “Каспий” клубына жаңа директор тағайындалды, деп хабарлайды Bassport.kz.

 Meta-ratings.kz сайтының жазуынша, Маңғыстау облыстық футбол федерациясының президенті Марат Тәкенов уақытша атқарушв директор қызметіне кіріскен. 

Жаңа басшыны облыстық спорт басқармасының басшысы Айбек Имашев таныстырды. 

Марат Тәкенов - Маңғыстау футболының түлегі.

Бұған дейін «Каспий» клубына жетекшілік еткен Ержан Жаңбыров қызметінен кеткен еді.

Команда алғашқы төрт турдың қорытындысы бойынша соңғы орында тұр.